Түркістан облысында жоғалғандардың бірінің сөмкесі табылды

МЧС РК

Сайрам-Өгем ұлттық паркі аумағында жоғалғандардың бірінің сөмкесі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар табылған затты полиция қызметкерлеріне тапсырды. Бұл туралы Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.

Айта кеткен жөн, тауда жоғалған жеті баланың екеуін іздеу жұмыстары әлі жалғасуда. Оған 12 бірлік техника мен 73 маман жұмылдырылды.

Еске салсақ, Түркістан облысының ұлттық табиғи паркінде жеті адам жоғалып кетті

Одан соң жоғалған екі туристің мәйіті табылды

Сайрам-Өгем мемлекеттік паркінде жоғалып кеткен екі турист әлі табылған жоқ