Қазақстаннан аттанған әрбір екінші жауынгер майданда қаза тапты – Тоқаев

Қазақстаннан аттанған әрбір екінші жауынгер майданда қаза тапты – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыс туралы жазды.

«Осыдан 80 жыл бұрын дәл осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Қазақстаннан аттанған әрбір екі жауынгердің бірі тарихтағы ең қанды соғыстың майданында қаза тапты. Олардың ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Мұндай қасіретке ешқашан жол бермеу – барша адамзаттың міндеті» деп жазды Мемлекет басшысы твиттер парақшасында.