Алдағы күндері елімізде 38 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы күндері елімізде 38 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстан бойынша 10-12 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

«Каспий теңізінің аудандарындағы циклон әлі де бүкіл республиканың ауа райына әсерін сақтайды. Осыған байланысты солтүстікте, орталықта және шығыста қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел жүреді», - деп хабарлады «Қазгидромет».

Батыста ауа температурасы түнде +15+23℃, күндіз +27+35℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +10+20℃, күндіз термометрлер +18+28℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +12+21℃, күндіз +18+33℃, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнгі температура +15+25°С, күндіз +27+38°С болады.