Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Жиын бейнебайланыс форматында өтуде. Жиында қандай мәселелер көтеріліп жатыр?

Рауан Мыңбаев, тілші: 

- Биыл 5 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 1,6 процентке өсті. Бұл ретте экономиканың барлық саласында алға жылжу бар. Үкіметтің таяуда Парламент өкілдеріне берген есебінде осылай делінген.

«Өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде машина жасау, химия өнеркәсібі, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп дамыған», - дейді министрлер кабинеті.

Құрылыс секторында өсім 11 процентті құрап, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі айтарлықтай ұлғайған. Ауыл шаруашылығында тұрақты өсім бар. Негізгі капиталға салынған инвестиция, тау-кен өндірісін есепке алмағанда 25,5 процентті құрады. Үкіметтің алдына 2021 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсімді 3,5-4 процент деңгейінде қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ жұмыспен қамту шараларымен 1,2 млн адамды қамту міндеттелді. Бұл халықтың нақты табысын еселеуге жол ашуы тиіс. Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, 200 мектеп салу, 30 медициналық мекеме ашу және 6 мың шақырым жол жөндеу жоспарланып отыр. 

5 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖІӨ 1,6%-ҒА ӨСТІ

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ 7,2%

МАШИНА ЖАСАУ  21,1%

ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ 9,8%

ФАРМАЦЕВТИКА 25,7%

ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП 5,5%

ҚҰРЫЛЫС СЕКТОРЫ 11,3%

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ 3,1%

НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ 25,5%

САУДА 6,7%

БАЙЛАНЫС 11,6%

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ 1,3%