Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандықтардан көмек сұрады

Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандықтардан көмек сұрады

Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету туралы үндеу жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үндеуде Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар зардап шеккен аймаққа қолдау көрсетіп, қажетті жұмыстарды атқарып жатыр. Бүкіл ел бойынша еріктілер де қомақты үлес қосуда деп жазылған. Сондай-ақ министрлік қызметкерлері қолайсыз табиғи құбылыстардан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде өздерінің бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы шотқа жібереді деп көрсетілген. Осыған орай, аталған ведомоства барлық меншік нысанындағы еңбек ұжымдарын қиын жағдайға тап болған отандастарымызды қолдауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырады. Арнайы есепшот реквизиттері министрліктің сайтында жарияланған.