Кәрім Мәсімовке жаңа айып тағылды

Mail.KZ

Кәрім Мәсімов билікті күшпен басып алмақ болды және лауазымдық өкілеттіктерін асырды деп айыпталып отыр.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. Бұған дейін комитеттің бұрынғы басшысына қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Қазір жаңа дерекке байланысты қосымша сотқа дейінгі тергеп тексерулер басталды. Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен Кәрім Мәсімовтен бөлек Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де ұсталды.