Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өсті

Бүгіннен бастап зейнетақы жинақтарының шекті деңгейі өсті. Бұған дейін бұл мерзім президенттің пәрменімен ұзартылған еді.

Тіпті жинақтың шекті мөлшерден артығын үй алудан бөлек емге қолдануға да рұқсат етілді. Шектілік деңгейі енді шамамен 2 есеге артты.

Мәселен, 20 жастағы азаматтардың жинақ сомасы 3 миллион теңгеден асуы керек. Бұған дейін бұл көрсеткіш 1 миллион 700 мың болатын. 30 жасқа толғандарға шекті меже 4 миллион 370 мың теңге төңірегінде. Бұл өзгерістер айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі зейнетақы және жалақының өсуімен тікелей байланысты.