Геннадий Головкин Риота Муратаны нокаутпен жеңді

standard.co.uk

Сайтамада (Жапония) орта салмақ дәрежесінде WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық атақтар сарапқа салынған жекпе-жек аяқталды.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапониялық Риота Муратаны (16-2, 13 КО) жеңіп, өзінің мықтылығын тағы бір дәлелдеді.

Головкин жапонды 9-раундта нокаутпен жеңді. Енді ол үш тұжырым бойынша чемпиондық атаққа иелік етеді.

Күншығыс елінің жаттықтырушылары Муратаның тұрғанын күтпей-ақ шаршы алаңға ақ орамал тастап, шәкіртінің жеңілгенін мойындады. Головкин 40 жасында кәсіби мансабындағы 42-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Мурата үшінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.