Президент Шахтинскідегі кеніште қаза тапқан шахтерлердің туыстарына көңіл айтты

Президент «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым», – деп жазылған жеделхатта.