Президент Ішкі істер министрін қабылдады

Қазақстанда кринимогенді жағдай тұрақты. Соңғы 10 айда елде кісі өлтіру, зорлық-зомбылық, тонау, ұрлық, мал ұрлығы сынды қылмыстар азайды.

Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бопсалаумен, адам саудасымен, қару-жарақты, есірткіні заңсыз сатумен  және басқа да қылмыстармен айналысқан 33 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Полицейлер заңсыз айналымдағы 12 тоннаға жуық есірткіні, соның ішінде оның 212 кг синтетикалық түрін тәркілеген. Сонымен қатар Президентке «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» жеке заң, әзірленіп жатқаны туралы баяндалды. 

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Аса ауыр қылмыстардың төмендеуін айту керек. Оның ішінде қасақана адамды өлтіру, тонау, зорлау, мал ұрлығы және т.б. халықтың мазасын алып жатқан қылмыстар. Осы жолдауда берілген тапсырма интернет-алаяқтық, есірткімен қарсы күреске және отбасылық тұрмыстық зорлық зомбылықты жағдайдағы жасалып жатқан іс-шараны баяндадым.