Мемлекет басшысы теннисші Алан Құрманғалиевті құттықтады

Мемлекет басшысы теннисші Алан Құрманғалиевті құттықтады

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері аралас санатта үстел теннисінен әлем чемпионы атанған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанда үстел теннисінің жанкүйерлері өзіңді мақтан тұтады. Осы жетістіктеріңмен шектелмей, беделді әлемдік турнирлерде ең жоғары жүлделерге ие болу үшін спорттағы шеберлігіңді шыңдай түсуіңе тілектеспін. Бұл міндет сенің қолыңнан келеді! Талмай еңбек ет, күрес және жеңістерге жете бер! – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.