Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады
Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады.
Кездесу барысында конституциялық реформаға сәйкес, Конституциялық Сот пен Жоғарғы Сотқа жүгіну арқылы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Президент қылмыстық іс бойынша азаматтарға берілетін конституциялық кепілдікті күшейту үшін сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының маңызды екенін айтты. Омбудсмен институтын дамытуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.