Президент Е. Қошановты қабылдады

Ақорда

«AMANAT» партиясының атынан Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысымен кездесу барысында айтты.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.