Әлихан Смайылов Үкімет басшысы болып тағайындалды

Сайлауда жеңіске жетіп, басым дауыс жинаған «AMANAT» партиясы Президентке Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынған болатын. Заңға сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынылған кандидатура бойынша Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен кеңесті. Кейін төменгі палатаның жалпы отырысында халық қалаулылары дауыс берді.

Жиынға қатысқан 97 депутаттың 82-сі Смайыловтың кандидатурасын жақтады. Осылайша, Әлихан Асханұлы министрлер кабинетіне әрі қарай да жетекшілік ететін болды.