Қ. Тоқаев ДДСҰ-ның 75 жылдығымен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын 75 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні екенін атап өтті. Мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында: «Біз әлем халқының денсаулығын нығайту жөніндегі Ұйымның қажырлы қызметін құптаймыз. Қазақстан денсаулық сақтау саласының барлығына қолжетімді әрі әділ болуын толық қолдайды», - деп жазды.