Қ. Тоқаев БҰҰ өкілін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады.

Мемлекет басшысы дипломатқа ілтипат білдіре отырып, бұл сапар еліміз бен ұйым арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мирослав Енча өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Мирослав Енча Қазақстан мен ұйым арасындағы қарым-қатынас деңгейін, сондай-ақ еліміздегі саяси реформаларды жоғары бағалады. Кездесу соңында Президент Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришке сәлемін жолдады.