Президент Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады.

Кездесуде ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары баяндалды. Жаслан Мәдиевтың айтуынша, қазір мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан. Реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралды. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталды. Мұнан бөлек отандық IT-компаниялардың экспорт нарықтарына шығу перспективасы айтылды. Президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландырып, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамытуты міндеттеді.