Мемлекет басшысы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Гүлнар Нұрланованы қабылдады.

Кездесу барысында Президент ана мен бала денсаулығын сақтау саласы мемлекетіміздің басты басымдығы саналатынын атап өтті. Тағы перзентханалардың инфрақұрылымын нығайту және олардың жұмысына озық стандарттар мен әдістемелерді енгізу қажеттігіне ерекше назар аударды. Мұнда жыл сайын 200 кардиохирургиялық ота жасалады. Перзентханада дүниеге келетін нәрестелер саны 9000-ға, оның ішінде мерзімінен бұрын туғандар шамамен 3700-ге жетеді. Бұл Орталық еліміздегі туа біткен жүрек аурулары бар науқастарды бақылаудың толық циклі жүргізілетін жалғыз мекеме. Бұдан бөлек Президентке фетальді хирургияға қатысты революциялық жоба енгізіле бастағаны жөнінде баяндалды. Медициналық көмектің аталған бағытына сәйкес, туа біткен даму кемістіктерін коррекциялау үшін балаға құрсақ ішінде жатқанда операция жасалады. Жоба дені сау баланы дүниеге әкеліп, ана бақытына бөленуге мүмкіндік береді. Президент биыл медицина қызметкерлерінің мүддесін қорғауға және дәрігер қызметінің мәртебесін арттыруға бағытталған заңға қол қойғанын еске салды. Сонымен қатар алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» мемлекеттік наградасы бекітілді.