Мемлекет басшысы Пәкістан премьерімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті.

Пәкістан тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-бірін Құрбан айт мейрамымен құттықтады. Тараптар екі жақты байланыстың негізгі бағыттарына тоқталды. Президент екі елдің көпжақты ынтымақтастығының қозғаушы күшіне айналып келе жатқан экономикалық кооперацияның әлеуеті зор екенін атап өтті. Бұдан бөлек Қазақстан мен Пәкістанның халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығына қатысты мәселелер талқыланды. Оның ішінде алдағы уақытта Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі де сөз болды.