Бірқатар журналист Президент сыйлығына ие болды

Бірқатар журналист Президент сыйлығына ие болды

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тапсыру және Алғысы жарияланды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

Сәбит Ғалымұлы Малдыбаевқа – «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы, отандық журналистикаға қосқан үлесі үшін;

Бауыржан Бабажанұлы Өтеулиевке – «Turkistan» халықаралық газетінің бас редакторы, бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін;

Елена Андреевна Преображенскаяға – «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС бас редакторы, интернет кеңістігінде ақпарат таратуға қосқан үлесі үшін;

Төлен Зәрубайұлы Тілеубайға – «Astana aqshamy» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы, отандық журналистиканы мазмұндық және әдістемелік тұрғыдан жетілдіруге қосқан үлесі үшін берілсін;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

Ақерке Бағдабекқызы Бектасқа – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Ақорда» бағдарламасының авторы – продюсері, Мемлекет басшысының қызметі туралы ақпаратты жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін;

Динара Киікбайқызы Жанбатыроваға – «Хабар» агенттігі» АҚ арнайы тілшісі, Қазақстан телевизиялық журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін;

Әнуар Әлиұлы Кәрібозовқа – «Jibek joly» телеарнасының тілшісі, Қазақстан телевизиялық журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін;

Гүлсезім Ерболатқызы Бияшеваға – «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары, өңірлік баспа бұқаралық ақпарат құралдарын  дамытуға қосқан үлесі үшін тапсырылды;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

«24KZ» телеарнасының шығармашылық ұжымына – мемлекеттік саясатты жан-жақты түсіндіргені үшін;

«Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына –  қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық бастамаларды түсіндіруге қосқан 20 жылдық үлесі үшін;

«Baq.kz» ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымына – интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісіне қосқан үлесі үшін;

«Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына – еліміздің және өңірдің қоғамдық-саяси өмірін жариялап, көрсетуге қосқан ғасырлық үлесі үшін берілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай Ақордада өткен салтанатты жиында марапатталған азаматтар арасынан «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиев, Павлодар облысы «Ирбис» телеарнасының тілшісі Елена Белоградова және «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Ақорда» бағдарламасының авторы-продюсері Ақерке Бектас сөз сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салды.