Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Әзербайжанға барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды.
Оны Физули қаласының әуежайынан Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла-оғлы Эюбов қарсы алды. Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.