Президент электрмобильдерге қатысты заңға қол қойды
Мемлекет басшысы көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамытуға бағытталған заңға қол қойды деп хабарлайды 24kz.
Құжаттың толық мәтіні баспасөзде жарияланады. Мұндағы негізгі мақсат – елде экологиялық таза көлікке сұранысты арттыру. Қазір электр қозғалтқышпен жүретін 9 мыңнан астам көлік бар. Енді олар ақылы тұрақты тегін пайдалана алады. Сондай-ақ қалаларда қуаттау станциялары көбейеді. Бұған әкімдіктер жауапты болады. Осылайша, инфрақұрылым дамып, халықтың жасыл көліктерге сұранысы артады деп күтіледі