Мемлекет басшысы Бельгия Королін құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қазақстан мен Бельгияны берік достық пен өзара құрметке негізделген тығыз серіктестік қарым-қатынас байланыстыратынын ерекше атап өткім келеді», деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, Бельгия халқына бақ-береке тіледі.