Олимпиада: Қазақстан құрамасының 3 тамыз күнгі жарыс кестесі
Бүгін Париж олимпиадасында кезекті медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстан құрамасы спорттың бес түрінен сынға түседі.
Жарыс жолына алдымен дзюдошылар шығады. Париж татамиінде командалық белдесулер өтеді. Әбиба Абужақынова, Камила Берліқаш, Есмигүл Күюлова және Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар мен Нұрлыхан Шерхан аралас сайыста жүлдеге таласады.
Сенд атудың скит бағдарламасында Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко өнер көрсетеді.
Велоспортта Алексей Луценко мен Евгений Федоров бар. Бокс бәсекесінде Назым Қызайбай ширек финалдық жекпе-жегін өткізеді.
Спорттық гимнастикада Милад Карими еркін жаттығуда ал Нариман Құрбанов ат снарядында сайысқа шығады.
Дзюдо
11:00 (Іріктеу) Микс команда. Әбиба Әбужақынова, Камила Берліқаш, Эсмигүл Куюлова, Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар, Нұрлыхан Шархан.
Стенд ату
12:00 (Іріктеу) Скит. Әйелдер. Әсем Орынбай.
Ерлер. Эдуард Ещенко
Велоспорт
14:00. Командалық сайыс. Финал. Алексей Луценко, Евгений Федоров
Бокс. Ширек финал
19:50. Назым Қызайбай – И.Валенсия (Колумбия)
Спорттық гимнастика
18:30. Финал. Милад Карими (Еркін жаттығу)
Нариман Құрбанов (Ат)