ОА мемлекеттері басшыларының VІ Консультативтік кездесуі өтті

Шекара, сумен қамтамасыз ету, миграция мәселелері жоспарлы түрде реттеліп, өзара саудадағы көптеген кедергілер жойылды.

Ал бірлескен күш-жігердің арқасында жылдар бойы қордаланған мәселелер шешіліп жатыр. Аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдануда. Бүгін елордада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуі өтіп, жиынға төрағалық еткен Қазақстан Президенті осылай деді. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев осы уақытқа дейін өткен Консультативтік кездесулердің нәтижесі аймақтық ынтымақтастыққа жүйелі, жан-жақты әрі, ең бастысы, сенімді сипат беріп, бұрын-соңды болмаған деңгейге шығарғанын айтты. Қазір шекарадағы өткізу пункттері жаңғыртылып жатыр. Көлік қатынасының мүмкіндіктері кеңейіп, жаңа бағыттар ашылуда. Сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастық қарқынды дамып келеді, – деді Мемлекет басшысы. Тағы кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің мәдени-гуманитарлық байланыс мазмұндық тұрғыдан толықтырылып жатқандығына да назар аударды.