Олимпиада жүлдегерлерінің Президентпен кездесуі кейінге шегерілді
Олимпиададан оралған спортшылар мен жаттықтырушылардың жартысы коронавирус инфекциясын жұқтырған.
Осыған байланысты олардың мемлекет басшысымен кездесуі кейінге шегерілді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі Баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Естеріңізге салсақ, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен бапкерлер құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған еді. Ал кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр.