Қ. Тоқаев Тәжікстанға барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды.
Мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның өзі қарсы алды. Бұл дипломатиялық тілде мәртебелі мейманға деген айрықша құрметтің белгісі саналады. Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді. Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.