Қ.Тоқаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды 24kz.

Тараптар екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ сауда-экономика және энергетика салаларында бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толықтай жүзеге асыру қажет екенін атап өтті.

Оған қоса, Владимир Путиннің Астанаға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық барысы пысықталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтетін БРИКС саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Ресей Президентіне ризашылығын білдірді.