Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету және қаржы саласының ашықтығын қамтамасыз ету. Бүгін Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдаған Президент осындай тапсырмаларды жүктеді, деп хабарлайды 24kz.
Жалпы кездесуде Жанат Элиманов Заңсыз кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық жүйенің FATF ұсынымдарына сәйкестендірілгенін айтты. Тағы Мемлекет басшысына Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың жүзеге асырылу барысы баяндалды.