Президент Жоғарғы сот кеңесінің төрағасын қабылдады

Елде кассациялық соттар келесі жылдың 1 шілдесінен жұмыс істей бастайды.

Оған дейін Жоғары сот Кеңесі судьяларды іріктеп, сот құрамын жасақтайды. Бұл туралы бүгін Президент қабылдауында болған кеңес төрағасы Дмитрий Малахов айтты. Кездесуде сот корпусын нығайтуға және жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды. Тағы Дмитрий Малахов Сот кеңесінің ролі күшейіп, судьяларға қатысты кадрлық мәселенің барлығы осы орган құзыретіне өткендіктен бизнес-процестер мен конкурстық іріктеулерді цифрландыру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жеткізді.