Бүгін – Дүниежүзілік туризм күні

1979 жылы БҰҰ жарғысымен саяхат күні бекітілді, деп хабарлайды 24kz.

Жалпы биыл әлемде 800 миллион адам сапар шеккен. Сала пандемияға дейінгі деңгейге жақындап, 96%-ке дейін қалпына келген. Биыл туризмнің әлемдік экономикадағы үлесі 11 триллион долларға дейін жетуі мүмкін.

Соған қарамастан, мамандар саяхат саласының дамуына тұсау боп тұрған факторлар аз емес дейді. Олар: көлік қызметі пен қонақүй бағасының қымбаттығы, кадр тапшылығы, сондай-ақ табиғи құбылыстар.