Президент V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқандарды марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Олдардың қатарында жүлдегерлер, жаттықтырушылар, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан жандар бар. Атап айтқанда, 1 адам «Парасат» орденінің және 7 азамат «Құрмет» орденінің кавалері атанды. «Ерен еңбегі үшін» медалі 85, ал «Шапағат» медалі 5 адамға берілді.