Президент ТМД елдері қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшыларымен кездесті
Шұғыл және сараптамалық ақпаратпен дер кезінде алмасу өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіптер мен сын-қатерлерге қарсы тұру қабілетін арттыра түсуге және елдеріміздің ұлттық мүдделерін қорғау үшін үйлестірілген тәсілдерді дайындауға ықпал етеді.
Бүгін Президент ТМД елдері қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшыларымен кездесіп, осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл кездесудің қорытындысы халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп, Достастық мемлекеттерінің арнаулы қызметтері арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға оңтайлы жағдай жасайтынына сенім білдірді. Айта кету керек, бүгін елордада ТМД елдері қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері басшылары кеңесінің 55-ші отырысы өтеді деп жоспарланған.