Орталық референдум комиссиясында баспасөз орталығы өз жұмысын бастады

Мұнда бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифингтер өткізіліп, референдум барысы жайлы жан-жақты ақпарат беріледі, деп хабарлайды 24kz.

Қуандық Танабас, тілші:

- Орталық референдум комиссиясындағы баспасөз орталығы таңғы 07.00-ден өз жұмысын бастады. Ел бойынша референдум барысына қатысты негізгі ақпараттың барлығы осы баспаөз орталығына келіп түседі. Яғни, онлайн режимде осы уақытқа дейін қанша азаматтың дауыс бергені, қай өңірде белсенділік басым екендігіне қатысты мәліметтердің барлығы осы баспасөз орталығына келіп түседі. Және мұнда журналистер үшін брифингтер өткізіліп, жан-жақты ақпарат таратылады. Қазірдің өзінде баспасөз орталығында жұмыс істеп жатқан журналистердің қарасы көп. Олардың жұмыс істеп, ақпарат таратуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Енді рефрендумға байланысты кейбір негізгі ақпараттарға тоқтала кетейік.

Жалпы республика бойынша дауыс беруге арналған 10 323 учаске жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ шетелдегі Қазақстан елшіліктерінде бүгін 74 учаскеде дауыс беруге болады.