Қ.Тоқаев Мақтымқұлының 300 жылдығына арналған форумда сөз сөйледі

фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Түрікменстанға ресми сапары аясында түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай өткен «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысты, деп хабарлайды 24kz.

Президент өз сөзінде Мақтымқұлының күллі шығыс жұртына ортақ ұлы ойшыл, түрікмен классикалық әдебиетінің негізін қалаған бірегей тұлға екенін атап өтті.

«ЮНЕСКО ақын мұраларын «Әлем жады» атты халықаралық тізімге енгізген. Ал ТҮРКСОЙ ұйымы осы жылды «Түркі әлемінің ұлы ақыны әрі ойшылы Мақтымқұлы Пырағы жылы» деп жариялады. Ұйымның шешімі ақын шығармаларын халықаралық деңгейде танытуға септігін тигізеді деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Оған қоса, қазақ ойшылы Абаймен ұқсастықтарын атап өтті.