Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін

Көлік жүргізушілеріне абай болғаны жөн.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық автожолдарға шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы Қазавтожол ұлттық компаниясы хабарлады.
Синоптиктер Ұлытау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауатынын мәлімдеді. Ал Қызылорда, Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауу ықтималдығы бар деп болжап отыр. Толық ақпаратты 14-03 байланыс орталығынан білуге болады.