Қазақстан ЭЫДҰ бастамасына қосылды
Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының тағы бір маңызды бастамасына қосылды.
Елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали бастаған делегация алғаш рет Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының Қоғамдағы парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысты. Беделді ұйымға мүше елдермен бірге Қазақстан да өз тәжірибесімен бөлісті. Елде сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі жақсарып, Moody's несие рейтингісінде тұрақты бағаға дейін жоғарылады. Айта кеткен жөн, сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық талаптарды сақтау ұйымға мүшелік етудің басты шарты болған еді.