Ақмола өңірі 6,6 млн тонна астық жинады

Астықты өңір Ақмола облысы орақ науқанын аяқтады, деп хабарлайды 24KZ. Қырман қызыл бидайға толды. Өңірде 4,7 миллион гектар егіс алқабына еккен дән орылған. Жиналған астықтың көлемі – 6,6 миллион тонна.

Егін де биыл бітік шыққан. Әр гектарына орташа есеппен 14 центнерден айналды. Мұндай мол өнім өңірде тек 2011 жылы болған екен.

Жалпы науқанға 9 мыңға жуық ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылып, өнімді қабылдау және сақтау жұмыстарын 66 астық қабылдау кәсіпорны қамтамасыз еткен.