Мемлекет басшысы Гвинея-Бисау Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбаломен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы қарым-қатынастың даму перспективасын талқылады. Екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды. Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Сондай-ақ президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.