Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Моңғолияға барады

28-29 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.

Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.