Президент Моңғолияның Премьер-министрімен кездесті
Мемлекет басшылары деңгейіндегі уағдаластықтарды іске асыру үшін қос елдің үкіметтері бірлесе әрекет етуге тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездесуде осыны атап өтті. «Қазақстан мен Моңғолияның арасындағы ынтымақтастыққа стратегиялық сипат беру үшін екі ел үкіметтері алдында тұрған міндеттерді айқындадық. Бізге экономикалық байланыстарымызды дамытуға тың серпін беретін ірі жобалар қажет», - деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев әсіресе тау-кен өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, көлік-логистика, туризм және білім салаларындағы бірлескен бастамалардың маңызына тоқталды. Премьер-министр Президенттер деңгейінде қабылданған шешімдерді Моңғолия Үкіметі орындауға дайын екенін жеткізді.