Президент күштік құрылымдарға тағайындалған лауазымды тұлғаларды қабылдады
Мемлекет басшысы Ақордада күштік құрылымдарға тағайындалған лауазымды тұлғаларды қабылдады.
Атап айтқанда, кездесуге Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанатай Далматов, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов және Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев оларға бірқатар тапсырма жүктеді.