А. Балаева ЮНЕСКО Бас хатшысының орынбасарымен кездесті
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Эрнесто Оттонемен кездесті, деп хабарлайды 24KZ. Басқосу Қазақстан мен халықаралық ұйымның арасындағы мәдени ынтымақтастық мәселелеріне арналды. Тараптар бүкіләлемдік мұра ескерткіштерін қорғау, материалдық емес мәдени мұраны насихаттау және креативті индустрияны дамыту түйткілдерін талқылады.
ЮНЕСКО өкілдері Қазақстанмен арадағы әріптестіктің нығайып келе жатқанын атап өтіп, тарихи мұраларымызды сақтауға және осы сала бойынша кадрлардың біліктілігін арттыруға дайын екенін жеткізді.
Эрнесто Оттоне, ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары:
- Кейінгі бірнеше жылда, анығын айтқанда, 1-1,5 жыл бойы екіжақты жұмыс өте жоғары қарқынды жүріп жатыр. ЮНЕСКО Қазақстанға, сондай-ақ мәдениет және білім беру салаларында көпвекторлы саясат ұстанатын Қазақстан біздің ұйымға қандай көмек көрсете алады деген мәселелерге көбірек назар аударамыз.