Мемлекет басшысы Қырғызстанға барды
Мемлекет басшысы мінген борт Бішкек қаласының Манас әуежайына қонды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Қырғызстан астанасына арнайы барды. Қазақ басшысын бауырлас елдің Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.