Президент Жарлығымен Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Сәбила Мұстафина мен Константин Петров мен ҚР ОСК мүшесі лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет Басшысының Жарлығымен:
Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды;
Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар Мемлекет Басшысының Жарлығымен:
Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.