Қ. Тоқаев Польша президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Жеделхатта екі ел арасындағы байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара ықпалдастық одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ, Анджей Дуда мен Польша халқына құт-береке тіледі.