Қ. Тоқаев ЕЭК алқасының төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.
Президентке комиссияның қызметіндегі басым бағыттар жөнінде баяндалды. Кездесу барысында бірлестіктің қазіргі жай-күйі және даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ 26 желтоқсан күні Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына әзірлік барысы туралы ақпарат берілді.