Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады.

Президентке ведомствоның алдағы кезеңге арналған жоспары, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шешімдері туралы баяндалды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы арнайы қызметті кадрлық және техникалық тұрғыдан нығайту, нормативтік-құқықтық базаны жаңғырту, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі үдерістерді оңтайландыру мен цифрландыру жұмыстары жайында мәлімет берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысына халықаралық терроризмге және діни экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне қарсы тұру, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны қорғау және күзету салаларындағы жағдай туралы ақпарат берілді. Кездесу соңында Президент ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша тапсырма берді.