Азиада-2025: шайбалы хоккейден Қазақстан Қытайды ірі есеппен жеңді
![Азиада-2025: шайбалы хоккейден Қазақстан Қытайды ірі есеппен жеңді](/media/k2/items/cache/12844a10c42e9e899f78573835308914_XL.jpg?t=20250205_150949)
Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды olympic.kz.
Бұл жолы біздің хоккейшілер Қытай құрамасын жеңді. Топтық кезеңдегі матч 6:1 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.
Қазақстан - Қытай 6:1 (3:0, 1:0, 2:0)
1:0 - 00:42 - Бреус (Савицкий, Панюков)
2:0 - 02:59 - Гренц (Данияр, Савицкий) артық құрамдағы гол
3:0 - 07:47 - Старченко (Рымарев, Данияр)
4:0 - 24:42 - Рымарев (Михайлов)
5:0 - 45:02 - Колесников (Буяльский, Бреус)
6:0 - 48:53 - Колесников (Борисевич, Чапоров)
6:1 - 55:18 - Чанг (Ченг, Вонг) артық құрамдағы гол
Қақпашылар: Шутов - Сун
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Таиланд командасын да жеңген болатын.