Жамбыл облысындағы білім ордасында метеостанция ашылды

Жамбыл облысында мектеп-лицейде метеорологиялық станция ашылды.

Зерттеу алаңы кәсіби станцияның дәлме-дәл көшірмесі деуге болады. Мұнда оқушылар термометрлі және гидрометрлі үйшік арқылы ауа райының ылғалдылығы мен температурасын өлшейді. Желдің бағыты мен екпіні, жауынның мөлшерін де осы жерден анықтауға мүмкіндік бар. Тіпті атмосферадағы шаң-тозаңды да өлшеп білуге болады. Зерттеу алаңы мектеп түлектерінің демеушілігімен ашылды. Қажетті электр қуаты күн панельдерінен алынады.

Нұралы Сейдахметов, Байзақ ауылдық №4 мектеп-лицейінің директоры:

- Бұл метеостанция бой көтермес бұрын біз арнайы Жамбыл облыстық Қазгидромет орталығына барып, дәріс алдық. Ол жердегі мамандармен сұқпаттастық. Оқушыларымызға экскурсия жасадық, үйреттік. Сол жердегі орналасқан барлық құрылғыларды осы мектебімізге көшірмесін жасап және қосымша құрылғыларды арнайы алдыртып орналастырдық.

Бану Баймахан, 10-сынып оқушысы:

- Болашаққа жаратылыстану бағытын таңдап отырған оқушыларға берер пайдасы өте көп. Себебі мысалы мен физика бағытын таңдайтын болсам. Күн сәулесі қалай түседі қалай энергияны алады, соның бәрін өз көзімізбен, өз практикада қолданамыз. Яғни біз мектепте алған теориямызды осы зерттеу алаңына келіп практика ретінде қолданамыз.